From af4200f7ec3a39f696c29b06d6435737c7817f48 Mon Sep 17 00:00:00 2001 From: AnmiTaliDev Date: Sun, 1 Mar 2026 12:40:18 +0500 Subject: [PATCH] Add Kazakh (kk) translation of the main page --- src/content/pages/kk/index.md | 77 +++++++++++++++++++++++++++++++++++ src/i18n/config.ts | 5 ++- 2 files changed, 81 insertions(+), 1 deletion(-) create mode 100644 src/content/pages/kk/index.md diff --git a/src/content/pages/kk/index.md b/src/content/pages/kk/index.md new file mode 100644 index 0000000..b9290a5 --- /dev/null +++ b/src/content/pages/kk/index.md @@ -0,0 +1,77 @@ +--- +title: "Android-ды ашық сақтайық" +lang: kk +description: "Android еркін әрі ашық платформа болып қала берсін, кез келген адам қосымша жасай алсын деп қолдаймыз." + +# localizable sections for the footer text +contact_header: "Байланыс" +contact_email: "Электрондық пошта" +site_problems_header: "Мәселелер" +site_report_issues: "Сайт мәселелерін хабарлау" +site_disclaimer: "**Ескерту**: Бұл сайтты қоғамдастық жүргізеді, коммерциялық мақсаты жоқ. Тек хабардар ету мен білім беру үшін жұмыс істейді." +site_privacy: "**Құпиялылық**: Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланбайды, пайдаланушыларды бақыламайды және деректерін жинамайды." +site_copyright: "**Авторлық құқық**: Жоқ. Бұл жұмыс қоғамдық меншікке берілген:" + +open_letter_cta: "Android әзірлеушілерді тексеру бағдарламасына қарсы ашық хатымызды оқыңыз" +--- + +2025 жылдың тамыз айында Google [хабарлады](https://developer.android.com/developer-verification): +2026 жылдың қыркүйегінен бастап Google-ге алдын ала тіркелмеген адам Android платформасына +қосымша жасай алмайды. + +Тіркелгіңіз келсе, мынаны талап етеді: + +- Google-ге ақы төлеу +{:.li-list .li-money} +- Google-дің Пайдалану шарттарымен келісу +{:.li-list .li-terms} +- Мемлекеттік куәлік ұсыну +{:.li-list .li-id} +- Әзірлеушінің жеке қолтаңба кілтінің дәлелін жүктеу +{:.li-list .li-signing} +- Барлық ағымдағы және болашақ қосымша идентификаторларын тізімге енгізу +{:.li-list .li-appids} + +## Бұл сіздің құқықтарыңызға не білдіреді + +➤ Сіз, **тұтынушы**, Android құрылғыңызды "бұл ашық платформа, қалаған бағдарламаңды орнат" деген уәдеге сеніп сатып алдыңыз. Google болса келесі жылдан бастап сіздің келісіміңізді сұрамай-ақ жүйеңізге жаңарту жіберіп, бұл құқықты біржола жауып тастамақ. Қай бағдарламаға сенуге «рұқсат» — соны енді олар өздері шешеді. + +➤ Сіз, **әзірлеуші**, енді Google алдын ала рұқсат бермесе, қосымша жасап достарыңызбен, отбасыңызбен, қоғамдастықпен бөлісе алмайсыз. + +Android iPhone-нан өзін "ашықпын" деп ерекшелендіріп, осымен мақтанып келді. Бірақ Google экожүйені қолына алып, реттеуші органдарды да иіп алғанын білгесін, бұл қағиданы ұялмай-қызармай лақтырып тастауға дайын. + +➤ Сіз, **мемлекет**, азаматтарыңыздың құқықтары мен цифрлық егемендігіңізді авторитарлық режимдер талап еткенде заңды қосымшаларды сотсыз жойып тастайтын компанияға тапсырып отырсыз. + +Бизнесіңіз бен мемлекеттік мекемелеріңіз үшін өте маңызды бағдарламалар алыстағы, ешкімге жауап бермейтін компанияның ырқында қалады. + +
+ +### Жаңарту: Google әзірлеушілерді тексеруден **бас тартқан жоқ** {#clarification} + +Google бір [жерде](https://android-developers.googleblog.com/2025/11/android-developer-verification-early.html) «тәжірибелі пайдаланушылар тексерілмеген бағдарламаларды өз тәуекелімен орната алады» деген тұманды «кеңейтілген ағынды» айтып өтті. Бірақ [бағдарлама сипаттамасында](https://developer.android.com/developer-verification) әлі де анық жазулы тұр: + +> 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Android сертификатталған Android құрылғыларына орнатылуы үшін барлық қосымшалардың тексерілген әзірлеушілер тарапынан тіркелуін талап етеді + +Тексеруді қиындықсыз айналып өтуге болатынын көрсетпейінше, ресми бетінде жазғанына сенуіміз керек: тіркелмеген әзірлеушілердің **барлық** қосымшалары шектеу күшіне енген кезде **бұғатталады**. + +
+ +## Қалай көмектесе аласыз {#help} + +### Қарсы тұрыңыз және бас тартыңыз {#developers} + +Егер сіз қосымша әзірлеуші болсаңыз, ерте қол жеткізу бағдарламасына _**тіркелмеңіз**_, жеке куәлігіңізді тексертпеңіз және Android Developer Console шақыруларын қабылдамаңыз. Кез келген шақыруға сыпайы, бірақ неге қарсы екеніңізді ашық жазып жауап беріңіз. + +Таныс әзірлеушілер мен ұйымдарды бағдарламаға тіркелуден тоқтатыңыз. + +—— _Олардың бұл басып алу жоспары тек әзірлеушілер бас иіп, мойынсұнған жағдайда ғана жүзеге асады._ —— + +## Барлығына: дауысыңызды естіртіңіз {#everyone} +- Android құрылғыларыңызға [F-Droid орнатыңыз](https://f-droid.org). Балама қосымша дүкендерін пайдаланатын адамдар көбейген сайын, оларды жабу да қиындай түседі. +- Google-ге тікелей пікір білдіріңіз — [Android әзірлеушілерді тексеру талаптары сауалнамасын](https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfN3UQeNspQsZCO2ITkdzMxv81rJDEGGjO-UIDDY28Rz_GEVA/viewform?pli=1) толтырыңыз. +- Әлеуметтік желілер мен блог жазбалары арқылы дауысыңызды естіртіңіз және https://keepandroidopen.org сайтына сілтеме беріңіз. +- Жалған қолдауға қарсы тұрыңыз: форумдар мен әлеуметтік желілерде осы саясатты қолдайтын күмәнді жазбаларды ("Ал, шын мәнінде…") кездестірсеңіз, оларға қарсылық білдіріңіз. +- Бұл жобаға [осы бетті пайдалы ақпаратпен толықтырып](https://github.com/keepandroidopen/keepandroidopen.github.io/blob/main/src/content/pages/kk/index.md) көмектесіңіз. + +### Мына петицияларға қол қойыңыз +- [Осы change.org петициясына қол қойыңыз](https://www.change.org/p/stop-google-from-limiting-apk-file-usage) diff --git a/src/i18n/config.ts b/src/i18n/config.ts index e36dc6c..847ef73 100644 --- a/src/i18n/config.ts +++ b/src/i18n/config.ts @@ -23,8 +23,11 @@ export const languages = { "uk": { label: "Українська", path: "/uk/" }, "hu": { label: "Magyar", path: "/hu/" }, - // Middle Eastern + // Turkic & Central Asian "tr": { label: "Türkçe", path: "/tr/" }, + "kk": { label: "Қазақша", path: "/kk/" }, + + // Middle Eastern "ar": { label: "العربية", path: "/ar/" }, "fa": { label: "فارسی", path: "/fa/" },